Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ресей келісім-шартпен әскерге қабылдаудың жас шектеуін алып тастады

KAZAKBOL.COM

Мемлекеттік дума 25 мамырда әскери қызметтен өту үшін алғашқы келісім-шартқа отырғанда көрсетілетін жас шектеуін алып тастайтын заңды бірден үш оқылымда мақұлдады. Артынша-ақ құжатты Федерация кеңесі қабылдады.

Еңбекке жарамды жастағылар (Ресейдегі ер азаматтар үшін — 65 жас) мен шетел азаматтары үшін әскери қызмет туралы келісім-шартқа отыру жеңілдеді. Бұның алдында 40 жасқа дейінгі ресейліктер мен 30 жасқа дейінгі шетел азаматтары алғашқы әскери келісім-шартқа отыра алатын.

Заң жобасының авторлары — қорғаныс жөніндегі комитет төрағасы және қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, «Единая Россия» партиясының депутаты Андрей Картаполов пен оның бірінші орынбасары Андрей Красов. Олар жаңа заң әскерге қажетті жаңа маман тартуға мүмкіндік береді деп есептейді. Құжат авторларының пікірінше, әр саланың кәсіби маманы болу үшін көп тәжірибе қажет.

Бұл заң Ресей Украинаға басып кірген уақытта қабылданып отыр. Бұның алдында британ және америкалық БАҚ Ресей президенті Владимир Путин жалпыұлттық мобилизация жариялауы мүмкін деп хабарлаған. Кремль мұндай мәліметті «сандырақ» деп атаған.

Ресейде ер азаматтарды «әскери есептегі мәліметтерді салыстыру үшін» әскери комиссариаттарға шақыра бастады. Комиссариатқа келгендерді әскерге өз еркімен баруға үгіттейді. Ресей аннексиялаған Қырымда да ер азаматтарды әскери комиссариатқа шақыртқан.

ВВC телеарнасының хабарлауынша, Ресей Украинаға басып кіргелі бері елде «жасырын мобилизация» жүріп жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM