Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ресей Киевтегі британ кеңесшілеріне сес көрсетті

KAZAKBOL.COM

Ресей қорғаныс министрлігі бритен кеңесшілерінің арандатуымен Украина федерация аумағына шабуылдаса, «Киевтегі шешім қабылдау орталықтарына» соққы жасалады деп қорқытты.

Бұның алдында Ұлыбритания қорғаныс министрінің орынбасары Джеймс Хиппи Украинаның батыс қаруымен Ресейдің әскери нысандарын атқылау мүмкіндігі «заңды» деп мәлімдеген.

Ағылшын шенеунігінің пікірінше, шабуыл нысандарын қару өндірушілер мен оны жеткізушілер емес, украиндардың өздері анықтайды.

Осы тұрғыдан алғанда, Ресейдің Батыс Украинадағы әскери нысандарды атқылауы заңды деп есептеледі. «Бұл да соғыстың бір бөлігі», — деді Хиппи.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл мәлімдемені арандату деп қабылдап, Киев осындай қадамға барса, мұндай соққыларды өзі де жасайтынын ескертті.

«Ресей қарулы күштері Киевтегі осы тәріздес шешім қабылдау орталықтарын атқылауға жарайтын ұзақ қашыққа арналған қару қолдануға дайын», — деп жауап берді министрлік. Ресей мұндай орталықтарда батыс елдерінің кеңесшілері жұмыс істейді деп есептейді.

Мәскеу Киевтегі «шешім қабылдау орталықтарын» атқылауы мүмкін екенін бұған дейін де ескерткен. Мұндай орталықтарда шетел кеңесшілері бар-жоғы беймәлім.

АҚШ, Ұлыбритания, Польша, Германия және басқа да елдер Украинаға қару-жарақ жеткізіп, оның қорғаныс саласына қажетті басқа да көмек беріп отыр. Украина президенті Владимир Зеленский мұндай көмекті арттыра түсуін сұраған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM