Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ресей Навальныйды «экстремистік қауымдастық құрды» деп айыптап, үстінен іс қозғады

KAZAKBOL.COM

Ресей тергеу комитеті оппозиционер Алексей Навальный мен оның жақтастарының үстінен «экстремистік қауымдастық құрды және оның жұмысына араласты» деп іс қозғады. Бұл туралы комитеттің ресми сайты хабарлады.

Навальный, Леонид Волков және Иван Жданов «эктремистік қауымдастық құрып, оны басқарды» деген күдікке ілінсе, Любовь Соболь, Вячеслав Гимади, Руслан Шаведдинов және бірнеше адам «қауымдастық жұмысына араласты» деп айыпталған. Бұл айып бойынша ең үлкен жаза – 10 жылға бас бостандығынан айыру.

Тергеу комитеті 2014 жылы Навальный «экстремистік қауымдастық құрды», ал Волков пен Жданов көп ұзамай «қауымдастыққа қосылды» деп санайды.

Комитет Навальныйдың «Жемқорлықпен күрес қорын» «экстремистік қауымдастық» деп санайды. Ресей билігі Навальныйдың бұл қорын елде «экстремистік» деп танып, қызметіне тыйым салған.

Ведомство Навальный құрған қор «мемлекеттік органдардың абыройына нұқсан келтіріп, елдегі тұрақтылыққа қауіп төндірді; ел арасында наразы көңіл күй қалыптастырды» деп санайды. Комитеттің мәлімдемесінде тыйым салынған ақпаратты тарату жолы ретінде Навальныйдың Youtube каналы көрсетілген.

Навальный бұған дейін Youtube арнасында Ресей билігіндегі жемқорлық схемаларын ашатын бірнеше үлкен зерттеулерін жариялаған. Оның видеоларын миллиондаған адам көріп, Ресей қоғамында резонанс туғызған.

Тергеу комитеті айыптағандардың көбі қазір шетелде жүр. Ал Навальный Ресейде түрмеде отыр. Ол «алаяқтық» айыбы бойынша түрме жазасын өтеп жатыр. Навальныйдың түрме жазасы 2023 жылдың күзінде аяқталуы керек.

Ресейде Навальный мен оның жақтастарының үстінен тағы бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Оппозиционердің жақтастары бұл істердің барлығының саяси астары бар деп санайды. Халықаралық ұйымдардың біразы Навальныйды «саяси тұтқын» деп таныған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM