Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ресей премьер-министрі жұмыс бабымен Самарқанда жүр

KAZAKBOL.COM

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин 1 желтоқсанда жұмыс бабымен Өзбекстанға келді.

Ресейдегі басылымдардың мәліметінше, Мишустиннің Өзбекстанға сапары аясындағы ресми шаралар 2 желтоқсанда басталады. Күн тәртібіне сәйкес, жұма күні ол өзбек әріптесі Абдулла Әріповпен бірге үкіметаралық комиссия отырысын өткізеді.

Жиында екіжақты әріптестікті дамытуға қатысты мәселелер талқыланады деп жоспарланған.

«Сауда және экономика, өндіріс, энергетика, инвестиция, мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестікті нығайтуға баса мән беріледі», — деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Бұның алдында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен 28 қарашада Мәскеуде кездескен уақытта Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның «үшжақты газ одағын» құру жөнінде ұсыныс айтқан. Одақ мақсаты — газ тасымалдауды үйлестіру. Тоқаев ұсынысты мақұл көрген, алайда кейін қазақ жағы «мәселенің мәніне тереңірек үңілгісі келеді» деп мәлімдеген.

Ресей мен Өзбекстан үкімет басшылары деңгейіндегі комиссияның бұған дейінгі отырысы 2021 жылғы 22 маусымда Мәскеуде өткен.

Премьер-министрлердің осы жолғы кездесуінің күн тәртібінде Самарқанда 2 желтоқсанда өтетін өзбек-ресей бизнес-форумының жалпы отырысына қатысып, сөз сөйлеу қарастырылған. Форумға Ресейдің 150 компаниясынан, ұйымынан және бірлестіктерінен 360 адам қатысады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM