Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ресей «Ямал – Еуропа» құбырымен газ айдауын уақытша тоқтатты

KAZAKBOL.COM

Ресей Польша-Германия шекарасындағы Мальнов компрессор станциясы арқылы «Ямал — Еуропа» құбырымен газ айдауды доғарды. Бұл туралы Reuters агенттігі немістің Gascade газ операторына сілтеме жасай отырып хабарлады.

29 наурызда күндіз осы құбыр арқылы Польша мен Германияға бір миллион төрт жүз елу кВтс/с газ айдалған, бірақ кейін көрсеткіш бірден нөлге түскен. Газ айдауды доғаруға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Басқа газ құбырлары, соның ішінде «Солтүстік ағын — 1» де жұмыс істеп тұр.

«Газпром» Польша аумағы арқылы газ жеткізу жөніндегі ұзақ мерзімді келісімге отырмаған. Компания газ тасымалдау қуатын бір айға немесе тәулікке шақталған аукциондар арқылы реттейді.

ТАСС мәліметінше, «Газпром» Польша арқылы Германияға «Ямал — Еуропа» құбырымен 29 наурызда тәулік бойы газ айдауға тапсырыс берген. Одан соң 30 наурызға тағы бір резерв белгілеген.

Бұның алдында Ресей президенті Владимир Путин үкіметке, Орталық банкке және «Газпромға» «дос емес елдермен» газ есебін рубльмен жүргізуді тапсырған. «Жетілік тобы» (G7) елдері – АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада, Италия, Жапония газды Ресейден рубльмен сатып алмайтынын мәлімдеді. Одан соң бұл мәлімдемеге Еуроодақ тұтастай қосылды. Кейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков рубльмен сатып алмаған жағдайда газ беруді доғаратынын мәлімдеді.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM