Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресейде Украинадағы соғысқа баратын еріктілер ақысын төлеу шарты өзгере бастады

KAZAKBOL.COM

Новосібір, Қорған, Саратов және Ульянов облыстарында Украинадағы соғысқа қатысатын еріктілердің жаңа батальондары жасақталып жатыр. Осындай әскери бөлімдерге қабылданатындарға 300 мың рубльге дейін бір реттік төлем ұсынды.

Бұл уақытта, Соғысты зерттеу институтының (ISW) хабарлауынша, Ресейдегі аймақтарда еріктілер ақысын төлеу шарттары өзгере бастады.

Мәселен, Башқұртстанда ерікті ретінде жазылғандарға арналған 200 мың рубль көлеміндегі бір реттік төлем 90 күн бойы жолданбайды, деп хабарлады аймақ әкімдігі. 2 мың рубль көлеміндегі тәулік ақысы айына бір мәрте төленеді. Саратов облысындағы әскери бөлімдерге қосылғандар да 150 мың рубль көлеміндегі бір реттік төлемді келісім-шартқа қол қойғаннан үш айдан кейін ғана алады, деп мәлімдеді жергілікті билік.

ISW сарапшыларының пікірінше, еріктілер ақшаны алып, Украинадағы соғысқа бармай қоя ма деген қауіппен ақы төлеу шарттарын өзгертіп жатса керек. Оның үстіне, аймақтарда еріктілерге төлейтін қаражат жетіспеуі де мүмкін.

Өткен аптада «Агал» чуваш батальоны сапында Украинадағы соғыста жүрген қырықтан астам ерікті келісім-шарттағы бір реттік төлем мен тәулік ақысы төленбегеніне шағымданды.

Чувашия басшысы Олег Николаевтың 11 шілдеде қол қойған жарлығына сәйкес, 50 мың рубль келісім-шарт жасалған сәтте төленіп, қалғаны үш айдан соң жолдануы тиіс.

Жауынгерлер үндеуінде бір реттік төлем, екі мың рубль көлеміндегі тәулік ақысы да төленбегені айтылған.

Ресей аймақтарында еріктілерден тұратын батальондар 2022 жылдың көктемінде жасақтала бастады. Содан бері Мәскеу, Шешенстан, Татарстан, Башқұртстан, Пермь өлкесі, Киров және Нижегородск облыстарының батальондары пайда болды. Еріктілер Қорғаныс министрлігімен келісім-шартқа отырады.

Еріктілер қабылдау «астыртын мобилизацияның» бір түріне айналды. Оны әскери комиссариаттар ғана емес, «ЧВК Вагнер» секілді жекеменшік әскери компаниялар да ұйымдастырып жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM