6 тамызда Ресейдің Красноярск өлкесінің басшылығы Ачинск ауданындағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыстың тоқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Ресейдің мемлекеттік ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.
«Екі сағат бұрын жарылыс дауыстары естілген. Қазір басылды. Жарылыстан тоқтады» деді өлке басшылығы.
5 тамызда Сібірдегі әскери бөлімге аймағындағы қару қоймасында бірнеше жарылыс болып, 12 адам ауруханаға жатқызылған. 20 шақырым радиустегі елдімекендердің тұрғындары эвакуацияланған. Ачинск ауданы әкімшілігі 11 мың адамның эвакуацияланғанын хабарлады.
Ресей қорғаныс министрлігі 5 тамызда Красноярск өлкесіндегі қару қоймасындағы өртті сөндіру үшін алыстан басқарылатын 14 робот жіберілген.
Интернетте тараған видеоларда қатты жарылыс болғаны, соның салдарынан қою түтін аспанға көтерілгені байқалады.
Ачинск ауданында орналасқан алюминий өндіретін «Русал» зауыты уақытша жұмысын тоқтатып, барлық қызметкерлерін эвакуациялағанын хабарлады. Бұл зауыт қару-жарақ қоймасынан 30 шақырым жерде орналасқан.
KAZAKBOL.COM