Ресейдің Саратов облысында жүк пойызы мен жолаушылар автобусы соқтығысып, бес адам қаза болған. Апаттан зардап шеккен екі адам – Қазақстан азаматтары.
Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтқан дерегі бойынша, апатқа кезіккен автобуста жеті адам – екі қазақстандық және бес өзбекстандық азаматтар отырған. Апат салдарынан Өзбекстан азаматтары түгел қаза болған, ал көлік жүргізушісі мен оның көмекшісі – Қазақстан азаматтары ауруханаға жеткізілген.
Төтенше оқиға қарашаның 17-і күні Ресейдің Саратов облысындағы Озинск ауданында болған. Адын ала мәлімет бойынша, темір жол өткеліне шығып кеткен «Саратов — Орал» бағытындағы жолаушылар автобусын жүк пойызы қаққан.
KAZAKBOL.COM