Фото: morguefile
Ресей түрік әскеріне жасаған соққысының себебін түсіндірді. Олар әуе соққысын ИГИЛ-ге бағыттамақ болған.
Түркия қарулы күштері бас штабының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес Ресейдің әуе-ғарыштық күштерінің соққысынан үш түрік әскери адамы құрбан болып, тағы 11 адам жарақат алды.
«9 ақпан күні кешке Сирияның солтүстігіндегі Эль-Баб қаласының маңында «Ефрат қалқаны» операциясын өткізу аймағында Ресей авиациясының ИГИЛ-ге қарсы әуеден соққы жасау кезінде бомбаның бірі түрік әскерилері жүрген ғимаратқа тиді. Ресей билігі жағдайдың әдейі істелмегенін мәлімдеді» — делінген Түркия бас штабының сайтындағы хабарламада.
Мәлімдемеде Түркия және Ресей оқиғаның мән-жайын анықтап жатқаны айтылған.
Ресей президенті Владимир Путин түрік әріптесіне қоңырау шалып, көңіл айтқан.
«Сирияда түрік әскерилері Ресейдің әуе-ғарыштық күштері соққы жасау кезінде координаттарды алдын ала келісіп алмағандықтан қайтыс болды. Ресей және Түркия бұл механизмді жедел түрде жетілдіреді», — деді Владимр Путиннің баспасөз хатшысы.
KAZAKBOL.COM