Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ұрлық жасамаса ұйықтай алмайтын алматылық қыз өзін-өзі тоқтата алмай жүр

KAZAKBOL.COM

Клептомания ауруы. Көрнекі фото интернет желісінен

NUR.KZ редакциясына хабарласқан алматылық Перизат бұл дертке 13 жасынан бастап шалдыққанын және өзіне ұнап қалған затты алмаса түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмайтынын айтып көмек сұрады.

«Мен бұл дертпен он үш жасымнан бастап ауырамын. Алғаш рет шашқа тағатын ұсақ-түйек заттарға қызығып, сатушыларға көрсетпей ұрлап алып жүретінмін. Кейін қызығатын заттарым күн санап көбейе түсті. Өзім Алматы қаласындағы мектеп-интернаттың бірінде оқитынмын. Содан сыныптағы қыздардың көзіме түскен әдемі заттарының барлығын жинай бастадым. Алғашында бұл мен үшін қызық бір хобби болып көрінген. Кейіннен алғым келетін заттар қатары көбейіп, ақыр аяғы бөлме-бөлмені аралап, ақша, киім, жейтін тәттілерге дейін алатын болдым«, — дейді бойжеткен.

Ол бұл әдетін басында жәй ғана қызығушылық деп қабылдағанын айтады.

«Мен өзіме қажет емес заттарды да жинайтынмын. Әсіресе қыздардың аяқ киімдеріне әуес болдым. Кейін бөлмеде күн сайын жоғалатын заттар саны көбейгенде, қыздар бәрінің киім сөресі мен төсектерінің астын біртіндеп тексеріп, менің ұрлықшы екенімді біліп қойды. Осыдан кейін мені жақындарыма айтып, интернаттан шығарып жіберді», — дейді ол.

Бүгінде бір үйдің келіні, екі баланың анасы барған жерінен бірдеңе көтеріп келмесе, әлі күнге дейін ауырады екен.

«Мектептен шығып кеткеннен кейін ағамның қолында өстім. Әкем қайтыс болған, анамның басқа күйеуі бар. Бұл үшін мені аға-жеңгем аяусыз жазалап, шашымды тықырлап тастады, ұрып-соқты. Бірақ, мен мұның дұрыс емес екенін білсем де, өзіме тоқтау қоя алмайтынмын. Осы әдетім үшін бірнеше рет өзіме қол жұмсамақ та болдым.

Кейіннен интернетті ақтарып, қарасам бұл клептомания деген ауру екен. Психолог көмегіне жүгініп те көрген едім, пайдасы болмады. Дін жолында мұндай аурудың емі бар ма екен? Араларыңызда осы ауруға байланысты қандай да бір ақпараты бар адамдар болса, маған көмектесулеріңізді сұраймын.

Осы әдетім үшін күйеуім мен енеменің алдында әбден масқара болып біттім. Жолдасым бұл әдетімді тыймасам, менімен ажырасатындығын айтты«, -дейді көзінің жасын тоқтата алмаған Перизат.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM