Криштиану Роналду. Фото: Сплетник
sovsport.ru порталының мәліметінше, 31 жастағы футболшы қаза тапқан ойыншылардың отбасына 3 млн еуро көлемінде көмек көрсетуге шешім қабылдаған.
«Шапекоэнсе» футболшыларының қайғылы қазаға ұшырағаны есеңгіретіп тастады. Мен апат құрбандарының отбасы мүшелерімен, достарымен бірге қайғырып отырмын», – деп мәлімдеді Криштиану.
Естеріңізге сала кетейік, Колумбияның солтүстік-батысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында Бразилияның «Шапекоэнсе» клубының футболшылары болған. Аталған құрама Оңтүстік Америка Кубогының финалына бара жатқан екен.
БАҚ ақпаратынша, жолаушылар ұшағы Ла-Уньон қаласының Антиокия провинциясында құлаған.
Ұшаққа 72 жолаушы және 9 экипаж мүшесі мінген. Апаттан алты адам аман қалды.
KAZAKBOL.COM