Қостанай облысы Рудный қаласында жолаушылар шағын автобусы апатқа ұшырап, бір адам қаза тауып, оны жараланған.
Жергілікті Alau.kz сайтының хабарлауынша, апат қаладағы Ленин және Марите көшелерінің қиылысында болған. BMW көлігі мен Жітіқара-Қостанай бағытындағы жолаушылар шағын автобусы соқтығысқан.
Апат салдарынан шағын автобустағы 25 жастағы жолаушы қаза тауып, он адам ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде жаяу кетіп бара жатқан бір адам да жараланған.
KAZAKBOL.COM