Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден алтын жүлдеге ие болды. Ол 15.00 метрге секірді. Күміс медаль таиландтық, қола вьетнамдық спортшыларға тиді.
Ольга Рыпакова 2010, 2014 жылғы Азия ойындарында да үш қарғып секіруден чемпион атанған. 2008 жылғы Пекин олимпиадасының күміс, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының алтын, 2016 жылғы Рио олимпиадасының қола жүлдегері.
Қазір Қазақстан 11 алтын, 11 күміс, 38 қоламен жалпы есепте 10-орында тұр.
KAZAKBOL.COM