Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Сағынтаев: Қыз ұзатылуға дайын, бiрақ алатын ешкiм жоқ

KAZAKBOL.COM

Бакытжан Сагинтаев. Фото ortcom.kz

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк жобаларының «ұзатылуға дайын отырған қыздың» кебiн киiп отырғанын айтты. Ол үкiмет отырысында осы бағыттағы жұмысқа қарқын қосып, кедергi болып отырған мәселелердi созбалаңға салмай, жылдам шешудi тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Баяндамалардан көрiп отырғанымыздай, бұл бағытта белгiлi бiр жұмыс iстелiп жатыр. Қажеттi нормативтiк-құқықтық база бар, өңiрлерге дербестiк берiлдi, яғни үлкен жұмыс атқарылған. 300-ге жуық жоба бар. Десек те, «Қыз ұзатылуға дайын, бiрақ алатын ешкiм жоқ» деп айтып жатады ғой, тура соның кебiн киiп отырмыз», — дедi Сағынтаев.

Үкiмет басшысының айтуынша, бұл мәселе талай жылдан берi оң шешiмiн таппай келедi. Тиiстi заңдарға өзгерiстер енгiзiлгенiмен, жағдай жақсармай отыр.

«Бiрақ жоспардан аспай жатырмыз. Балабақшалар бойынша жұмыс жүрiп кетсе, игi болар едi. 2017-2019 жылдары 1630 мектепке дейiнгi мекеме ашу жоспарланған. Оның жартысын мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк есебiнен iске асырсақ, бұл өте үлкен қадам болмақ. Облыс әкiмдерi жаңа айттып өттi. Шағын жобалар жарты жыл қарастырылады. Типтiк жоба болса, жылдамырақ шешуге болады ғой. Мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында жұмыс iстегiсi келетiн инвесторларды жинап, оларға не кедергi келтiретiнiн сұрау керек, өзгерiстер енгiзу қажет. Бұл жұмысқа қарқын қосу керек. Президент тарапынан әдiл сынға iлiгiп жүрмiз», — дедi премьер-министр.

Үкiмет басшысы бiрiншi орынбасары Асқар Маминге осы мәселе бойынша әкiмдiктердiң ұсыныстарын жинап, жүйелi түрде қарастыруды тапсырды.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM