Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Садыр Жапаров: Қырғызстан мен Тәжікстан шекара бойынша алдын ала келісімге келді

KAZAKBOL.COM

Қырғыз президенті Садыр Жапаров құрылтайда қырғыз-тәжік шекарасын белгілеу туралы мәлімет берді. Онда таяуда екіжақты кездесу Қырғызстанда өтетінін, құжатқа қол қойылғаннан кейін парламентке жолданатынын жеткізді.

«Тәжікстанмен алдын ала келісімге келдік. Бірақ қол қойған жоқпыз. Екі тарап да ортақ келісімге келдік. Камчыбек Ташиев барып, қол қойып келді. Жақын күндері бізге келеді. Ресми түрде қол қоямыз. Сосын ол құжатты парламентке алып барамыз. Қазір біз олармен оқ атпау, жанжал шығармау жөнінде сөйлесіп жатырмыз», — деді Жапаров.

Президент он күн бұрын қырғыз-тәжік шекарасын қатысты құжаттар жаңа жылға дейін түпкілікті шешіледі деген.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара қашықтығы 972 шақырым. 664 шақырым жер бойынша ортақ келісімге келген. Қалғаны даулы күйінде қалып келген. Сол себептен екі елдің шекара маңындағы тұрғындары арасында жиі қақтығыс болады.

Соңғы рет 16-17 қыркүйекте болған. Онда Қырғызстанның кем дегенде 63 азаматы қайтыс болды. Жарақат алғандар саны 200-ге жеткен. Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі 41 азамат қайтыс болғанын, 200-ге жуығы жараланғанын мәлімдеген. Озоди радиосының мәліметінше, 81 адам қаза тапқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM