Бақаева күйеуімен бірге ән шырқап, отбасылық дуэттер қатарын толықтырды.
Нұржан және Салтанат! Бұл есімдерді естігенде көз алдыңызға “Арнау” дэуті елестейтін шығар?! Алайда бұл жолы сөз басқа дуэт жайлы. Салтанат Бақаева өз орнында, ал оның дуэттегі сыңары бұдан былай өз күйеуі болмақ, — деп хабарлайды Stan.kz.
Салтанаттың өмірлік серігінің есімі де – Нұржан. Иә, күні кеше Бақаева күйеуімен бірге ән шырқап, отбасылық дуэттер қатарын толықтырды. Су жаңа дуэттің тұсауы НТК арнасында кесілді.
Салтанаттың айтуынша, күйеуі Нұржан өнерден құр алақан емес. Ол бұған дейін де ән айтқан. Тек үлкен сахнада емес, өзінің үйлену тойында Бақаевамен бірге әйгілі “Егіз-лебіз” әнін шырқаған.
KAZAKBOL.COM