Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Сардоба су қоймасы жарылғанда зардап шеккен жүз шақты отбасы мемлекеттен баспана алмаған (видео)

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанда үкіметтің Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының жарылуынан зардап шеккендерге баспана беру тәртібі дұрыс орындалмаған, соның салдарынан 147 үй азаматтарға негізсіз берілген.

Бұл уақытта, заңмен баспана алуға құқығы бар 99 азаматқа мемлекет баспанасы бөлінбей қалған.

Құрамына жергілікті депутаттар, махалла тұрғындары және адам құқықтарын қорғаушылар кірген «Тәуелсіз комиссия» есебінде осылай делінген.​

32 жастағы Ілияс Хамзақұловтың «Навбахор» махалласындағы үйін қойма жарылған уақытта су шайып кеткен. Содан бері ол отбасымен бірге әкесінің үйінде тұрып жатыр.

– Мен үйді қайғылы оқиғадан алдын салып бітіріп, жаңа үйге кіргенмін. Бірақ су тасқыны үйді шайып кетті. Оның орнына маған басқа үй бермеді. Үйдің құжаттары дұрыс емес деп айтты, – дейді Ілияс.

Ілия Хамзакулов Сырдария облысында мемлекеттен баспана ала алмаған 99 тұрғынның бірі. «Тәуелсіз комиссия» қорытындысына сүйенсек, Ілияс пен оның отбасы «үш бөлмелі пәтер» алуы тиіс болған.

Есеп авторлары Мирзаабад ауданында 61 үй, Ақалтын ауданында 51 үй, ал Сардоба ауданында 35 үй негізсіз берілген деп есептейді.

Бұл уақытта, Мирзаабад ауданында 70, Ақалтын ауданында 20, Сардоба ауданында тоғыз тұрғын мемлекет беруі тиіс баспана ала алмаған.

«Тәуелсіз комиссия» есебінде су қоймасы жарылғанда зардап шеккен 18 отбасыға билік 40 миллион сумнан (шамамен 4 мың доллар) материалдық көмек ретінде бергенін, бірақ кейін оны қайтарып алғаны айтылған.

Комиссия жергілікті билікке негізсіз баспана алғандардан жылжымайтын мүлікті қайтарып, оларды апаттан зардап шеккендерге үлестіруге, сонымен бірге алдау арқылы қайтарып алынған материалдық көмекті зардап шеккендерге беруді тапсырды.

Сардоба су қоймасы 2020 жылғы 1 мамырда жарылып, ресми мәлімет бойынша, Сырдария облысында 2 600 үйді су шайып кетті, 1800 үй жартылай бүлінді.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM