Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Сарыағаш соты журналист Амангелді Батырбековті 20 күнге түрмеге қамады

KAZAKBOL.COM

3 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік соты республикалық «Сарыағаш-информ» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбековті «Жала жабу» бабымен кінәлі деп танып, 20 күнге түрмеге жапты. Журналист үкіммен келіспейді, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Түркістан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Батырбековтің үстінен мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы шағым түсірген. Депутаттың шағымдануына Батырбековтің 2023 жылдың 10 наурызында Facebook парақшасында «Сыбайластық па не бұл?» деген жазбасы себеп болған. Жәбірленуші журналисттің «алаяқтық дерегімен басталған қылмыстық іс бойынша Болатбек Нәжметдинұлы күдікті болып танылған» деген сөзін «көпе-көрінеу жалған мәлімет жариялап, абыройым мен қадір-қасиетіме нұқсан келтірді» деп көрсеткен.

Батырбековтің Азаттыққа айтуынша, 2020 жылы Нәжметдинұлы «Алаяқтық» бабымен күдікті болып танылған. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция басқармасының мөрі басылған, тергеушінің қолы, ресми тіркеу нөмірі қойылған құжаттың бір түпнұсқасы бар.

— Осы құжаттың екінші үлгісін Шымкент қалалық құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы жойған. Бұл — жала емес, оны дәлелдейміз. Сотқа қолымыздағы Нәжметдинұлының үстінен «Алаяқтық» бабымен қозғалған істің түпнұсқа құжатын көрсеттік. Сот құжатқа емес, басқарманың анықтамасына сүйеніп, мені айыпты деп тапты. Сот қаулысымен келіспеймін, апелляциялық шағым түсіремін, — деді журналист.

2022 жылы 4 қаңтарға қараған түні Батырбековтің Түркістан облысы Сарыағаш қаласындағы үйінің маңында ұлы Дінмұхамедке белгісіз адамдар оқ атып, жаралаған. Кейін бұл журналистің өміріне қастандық жасау мақсатында берілген тапсырыс екені белгілі болды. Тапсырысты бұрынғы шенеунік Бауыржан Майрихов бергені анықталған. Майрихов пен оның төрт серігі 11 жылдан 13 жылға дейін сотталған.

2019 жылы Түркістан облысы Келес аудандық білім бөлімінің бастығы Бақтияр Әбдиев «ар-намысыма тиіп, қорлады» деп Батырбековті сотқа берген. Бұл үшін Сарыағаш аудандық соты Батырбековті 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырғанымен, Түркістан облыстық соты аудандық соттың үкімін жойып, журналисті ақтаған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM