Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

«Сатира – қылмыс емес». Журналистер ІІМ-ге ашық үндеу жариялады

KAZAKBOL.COM

Factcheck сайты сатиралық материалдар жариялағаны үшін істі болған Темірлан Еңсебектің тергелуіне байланысты ішкі істер министрлігіне ашық үндеу жариялады. Үндеуді ақпарат құралдары қолдай бастады.

Instagram-да сатиралық материал жариялайтын Qaznews24 паблигының жетекшісі Темірлан Еңсебектің пәтеріне екі күн бұрын полицейлер келіп, тінту жүргізіп, кеңсе техникасын алып кеткен еді. Еңсебектің өзін бірнеше сағат тергеп, босатқан. Қазір «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Сатира – қылмыс емес. Бүкіл әлемде сатира мен сын, оның ішінде мемлекеттің лауазымды тұлғаларына қатысты айтылса қалыпты нәрсе ретінде қабылданады және керісінше, қоғам дамығанының, пікір еркіндігі құқының сақталғанының белгісі» делінген үндеуде.

Үндеу авторлары Қазақстанның сөз бостандығын қамтамасыз ету жөнінде халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелерін еске салады. Олардың сөзіне қарағанда, полиция санамалап көрсеткен сатиралық материалдарды Еңсебек жетекшілік еткен Instagram парақшасы қажет ескертулермен жариялаған. Кейбір аккаунттардың аталған материалдарды шынайы жаңалық сияқты таратуына Еңсебек кінәлі емес.

«Еңсебектің сатирасын шынайы жаңалық ретінде таратқан парақшалардың аудиториясы Еңсебектің парақшасындағы адам санынан он есе, тіпті кейбірі жүз есе асып кетеді. Бұл парақша әкімшілерінің қасақана әрекеті емес, медиасауаттың төмендігінен сатира контенттің шынайы жаңалық ретінде жаппай тарап кетуіне себеп болды» делінген үндеуде.

Үндеу авторлары адамдарды қудалаудың орнына медиасауаттылықты арттыру қажеттігін атап өткен. Олар полициядан Еңсебекті қудаламауды, «жалған ақпарат тарату» бабын репрессия мақсатында пайдаланбауды, Еңсебек ісінің ашық жүргізілуін, онда зұлым ой болмағанын дәлелдейтін куәліктің бәрін есепке алуды талап еткен.

Үндеуді алғашқылардың бірі болып Vlast сайты, Masa.media қолдап, сайттарында жариялады.

Qaznews24 паблигында қазір ештеңе жоқ. Бұрындары онда желіде көп пікірталас тудырған даулы посттар жарияланып тұратын. Бір постта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құдай дәрежесін беріп, мұны Конституцияда бекітуді ұсынды» деп жазылса, тағы бірінде ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының жылына бір реттен артық шетелге шығуына, шетелде түскен суреттерін әлеуметтік желіде жариялауына тыйым салатын заң жобасын жасап жатыр деген сатиралық «жаңалық» болған.

Пабликтың профилінде материалдардың шынайы жағдаймен байланысы жоқтығы, «оқиғалармен және адамдармен сәйкес келіп жатса, бұл – жай кездейсоқтық» екені ескертілген.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM