Айдос Жәкенов. скриншот: 31 арна
Алайда, бостандыққа шыққандардың арасында экс-премьердің өзі жоқ. Бұл жолы жазадан құтылған облыстың бюджетін талан-таражға салды деп айыпталған Айдос Жәкенов. Ол Қарағандыдағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімін басқарған еді.
Судья кәсіпкерлікке кедергі келтіргені үшін бір жарым жылға шартты түрде сотталған Айдос Жакенов жазасын толық өтеп болған соң да қадағалауда болуы тиіс деп шешкен. Бірақ, Қарағанды облысының қылмыстық атқару жүйесі департаменті тәртіпті бұзбаған сотталушыға рақымшылық жасауды сұраған.
Осылайша арыз толық қанағаттандырылды. Айдос Жакеновтың өтелмеген төрт айы бар. Он жылға темір торға тоғытылған Серік Ахметовпен бірге тағы 20 бұрынғы лауазымды шенеунік сотталған еді.
Атышулы іс бойынша рақымшылыққа іліккен Айдос Жакенов осымен үшінші айыпталушы.
KAZAKBOL.COM