Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ШҚО-да Қытаймен шекарадағы ауылдар қаңырап бос қалып жатыр

KAZAKBOL.COM

Фото: egemen.kz

Шалғай ауылдардың көпшілігінің жер бетінен жойылып, сау тұрғандарында саусақпен санар­лықтай тұрғындардың қалғаны жергілікті жұртты алаңдатып отыр. Шығыс Қазақстан облысының шекараға жақын орналасқан ауылдарында халық саны жылдан жылға азайып бара жатыр, деп хабарлайды Егемен Қазақстан газетіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Кейбір ауылдардың үңірейген орны ғана қалған

Ресей, Қытай, Моңғолия секілді үш бірдей мемлекетпен шектесіп жатқан Катонқарағай ауданында шешімін таппаған мәселелер аз емес. «Біздің жақта қыс ұзақ» деп Орал­хан Бөкей жазғандай, алты ай қыты­мыр қысы, ақырған аязы бар Алтайдағы халық санының жылдан жылға азайып бара жатқаны жайында көп айтылып жүр. Басқа басқа емес, дәл шекараның түбіндегі ауылдар­дың көпшілігінің жер бетінен жойы­лып, сау тұрғандарында саусақпен санар­лықтай тұрғындардың қал­ғаны жер­гілікті жұртты алаңдатып отыр. Ел ішіндегі мәселелерге бейжай қара­майтын аудандағы зия­лы аза­мат­тардың бірі Жәнібек Қызыр­дың айтуынша, қазіргі уақытта Катон­қарағай өңірінде бір кездегі 28 мың халық 12 мыңға дейін кеміп, шекараға жақын Талды, Қарайрық, Маралды ауылдарының үңірейген орны ғана қалған, Ақшарбақ, Шұ­ба­р­ағаш, Бекалқа, Мойылды, Сөгір, Қайыңды, Ақмарал ауылдары да құрудың аз-ақ алдында тұр. Бала туу көрсеткіштері де көңіл көншітпейді.

«Жастардың бәрі қала жағалап кетті»

Фото: egemen.kz

«Катон дегеніңіз жердің жәннаты ғой. Осындай жерұйық мекенде қазір қарттар ғана қалып барады. Жас­тардың бәрі қала жағалап кетті. Халықтың үдере көшуі әлі ты­йыл­май тұр. Солтүстігімізде емі­ніп Ресей, шығысымызда телмі­ріп Моң­ғолия, оңтүстік-шығысымызда тебініп Қытай тұр. Катонқарағайды иен қалдыру мемлекетіміздің қауіпсіздігін әлсірететін жағдай екендігін сезінетін шақ келді. Қытай мемлекеті бізге іргелес Шыңжаң аймағына өз халқын барынша топ­тас­тырып жатқанда, Ресей Алтай өлкесінің тұрғындарын қайткен күнде ұстап қалу үшін бар жақсылықты жасап отырғанда шекарамызды жалаңаштап тастауымыз жарамас, – дейді Катонқарағай ауданының құрметті азаматы Жәнібек Қызыр.

Тоз-тозы шыққан жол тұрғындардың жүйкесін жұқартқан

Марқакөлде де мәселе аз емес. Соның ішіндегі ең үлкені – жолдың нашар­лығы. Әсіресе, бұрынғы Марқа­көл ауданының орталығы болған Терек­­тіден Қытаймен шекаралас Төс­қайың, Шанағаты ауылдарына дейін­гі 100 шақырымға жуық қара жол тұрғын­дар­дың жүйкесін жұқартып жүргелі қай заман?! Жүйкесі тозбағанда қайтеді, айнал­дырған 100 шақырымға 4-5 сағат алтын уақыттарын сарп етсе. Ал Өс­­ке­­меннен Төсқайыңға дейінгі 450 ша­қы­рым жолды 10 сағат, ауа райы бұзыл­ған жағдайда 15 сағатқа дейін жүру­г­е мәжбүр. Қыстың көзі қырауда жол жабылса Марқакөлге жету мұңға айналады. Жол қиындығы өзге де мә­селелерді тудырып отырған жайы бар. Жас мамандардың бұл жақтағы ауыл­дарға барғысы келмеуінің көп себеп­терінің бірі осы – жол. Бұған ұялы бай­­ланыстың жоқтығын қосыңыз. Төс­­қайың ауылында 2015 жылы 5 зей­нет­кер мұғалім жұмыс істесе, биылғы оқу жылында 3 зейнеткер ұстазбен келісімшарт жасалған екен.

«Шекаралық ауданда тұрып жатқан халыққа өтемақы беру керек»

Фото: egemen.kz

Қатонқарағай ауданының құрметті азаматы Сайлаухан Аухадиевтің айтуынша, шекаралық ауыл тұрғындарын мемлекет қолдауы тиіс.

«Мұғалімі бар, малшысы бар, дәрі­гері бар, қысқасы, бүгінде ше­кара­­лық аудан­дарда тұрып жатқан ха­лық­тың бар­лы­ғына өтемақы беру керек. Осындай аудан­дарға келген жас мамандардың жала­қы­сын екі есе өсіру қажет. Үкімет шы­ғын­нан қашпауы ке­рек. Өйткені, елдің қауіп­сіздігі, ұлт­тың тұтастығы бәрі­нен де қымбат», — дейді Сайлаухан Аухадиев.

Ауыл шаруашылығын бес сау­са­ғын­дай білетін азаматтың айтуынша, шалғайдағы ауыл­дар­дан облыс орталығына мал әке­летін тұрғындардың өнімдерін жоға­ры бағамен қабылдаудың тетігін ойлас­тыру қажет.

«600 шақырымнан келетін Тарбағатай мен облыс орталығына 10-20 шақырым жердегі Ұлан ауданының тұрғындарының әкелген етін бір бағамен қабылдайды. Әділеттілік бар ма? Алыстан артынып-тартынып келгендер шығынға батады, жақын аудандар пайдаға кенеледі», —  дейді қоғам қайраткері.

Жергілікті халық қытайлықтардың шекараға құмырсқадай қаптап қала салып жатқанына алаңдайды

Қытаймен шекарадағы Мақаншы өңірінде де халық саны азайғанымен, ауылдардың көпшілігі сақталған. Мұндағы мәселе – жастардың аздығы. Жұмыс істегісі келген жастар­дың алды­нан шығатын кедергілердің көп­тігі. Бір мысал. Осыдан біраз уақыт бұрын Мақаншыда тұратын үш жігіт «Жұмыспен қамтудың жол кар­тасы-2020» бағдарламасы арқылы мем­ле­кеттен ақша алып, кірпіш зауытын салмақшы болып, сол ақшаға Қытай­дан құрал-жабдықтар сатып әкеліп­ті. Мәселе Қытай шекарасынан аман-ес­ен өтіп, өзіміздің елдің кеденіне кел­­ген­­­­­де басталыпты. Әлгі жігіттер бір жарым жылдан бері әкелген дүниелерін бері өткізе алмай әуре-сарсаңға тү­сіп жүрген көрінеді. Өйткені, екі есеге дейін баж салығын төлеу керек екен. Қытайда бір миллион теңге тұра­тын, жұрт «қыт-қыт» деп атайтын шағын тракторды кеденнен өткізу де мақан­шылықтардың бас ауруына айнал­ғандай. Кезінде комсомолда, партияда басшылық қыз­мет­тер ат­қар­ған, бүгінде Мақаншы ауы­лын­да тұратын Әмірғазы (Әбіш) Ахмет­беков ақсақал осындай кедергілерге тап болып, тауы шағылып жүрген жас­тардың ауылда көп екенін айтады. Ақсақал ауыл халқының қартайып бара жатқанына, іргедегі Қытайдың шекараға құмырсқадай қаптап, қала салып жатқанына алаңдайды.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM