Көрнекі фото: sputniknews.kz
Оқиға 25 ақпан күні таңертең Бестөбе ауылындағы «Қазақалтын» АҚ шахтасында орын алған.
«Западная кенішінде тау жынысы опырылып, салдарынан 1970 жылы туылған заңсыз алтын іздеуші қаза тапты», — деп хабарлады ведомство.
Тексеру барысында ер адамның шахтаға 19 ақпан күні заңсыз алтын руда алу үшін түскені белгілі болды. Денесі мәйітханаға жолданып, сараптама жүргізіліп жатыр.
KAZAKBOL.COM