Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Шенеуніктерге таксилетіп болса да қосымша табыс табуға рұқсат берілуі мүмкін (видео)

KAZAKBOL.COM

Қазақстан мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік басшысы Анар Жайылғанованың айтуынша, жақында шенеуніктерге көлігімен жолаушы тасу секілді (рұқсат етілген қызмет түрлері әзірге жарияланған жоқ) жұмыстармен қосымша табыс табуға рұқсат беріледі.

Оның айтуынша, мұндай шешім шенеуніктердің отбасын асырауына жағдай жасау мақсатында қабылданады. Қазақстанда мемелекет аппараттарында істейтіндер орташа есеппен 180 мың теңге (шамамен $400) табады, ол Нұр-Сұлтан немесе Алматы секілді қалалардағы өмірге жетпейді. Қызметі жоғары шенеуніктердің ғана табысы жоғары: мысалы, аймақ басшысының айлығы 2 миллион теңге ($4,5 мың) шамасында.

Шенеуніктер ғылыммен, шығармашылықпен айналыса алады. Заңда бұған тыйым жоқ. Бірақ шенеуніктер кәсіппен шұғылдана алмайды.

Анар Жайылғанованың пікірінше, таксиші болу кәсіп түріне жатпайды. «Кәсіпкерлікпен шұғылдану емес, қосымша пайда табу туралы айтып тұрмын. Мәселен, бос уақытында жолаушы тасу арқылы отбасын асырай алады», — деп түіндірді агенттік басшысы.

Мұндай бастама сынға ұшырап үлгерді. Заң кеңесшілері палатасының президенті Жангелді Сүлеймановтың пікірінше, осындай ұсыныс жасаған Жайылғанованың өзі «заңды түсінбейді».

«Жұмыс уақытынан тыс тұрақты табыс табудың заңды екі жолы бар: еңбек келісімімен және кәсіпкер ретінде. Шенеунік жолаушы таситын болса, ол салық органдарына кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс», — дейді ол.

Қарапайым қазақстандықтар мұндай бастаманы әзілге айналдырды. Әлеуметтік желі қолданушылары жолаушы тасып жүрген ірі лауазымды шенеуніктерді әзілге қосты. Бірақ көбісі шенеуніктерге қосымша табыс табуға тыйым салмағанын қалайды.

«Шенеуніктердің түр-түрі бар. Айлық жетпеген жағдайда қосымша табыс табуда тұрған ештеңе жоқ. Бұған заңмен тыйым салудың қажеті жоқ», — дейді Нұр-Сұлтан қаласының бір тұрғыны.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM