Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шешенстан Қадыров атындағы алтын медальға 4,6 млн рубль жұмсайды

KAZAKBOL.COM

Шешенстан билігі республиканың алғашқы президенті Ахмат Қадыров атындағы 20 медаль мен орденге 4,6 млн рубль бөлді. Олар алтын мен қымбат тастардан дайындалады деп хабарлады «МБХ медиа».

Қадыров атындағы он медаль 750 сынамалы алтыннан жасалады. Оның бетіне Ахмат Кадыров суреті бейнеленген, артында оның «Отансүйгіштік сөзбен емес, іспен дәлелденеді» деп айтқан сөздері жазылған.

Қадыров атындағы он орден де алтыннан құйылады. Орден бетінде Қадыров суреті бар, ал артында «Халықтың ұлы», «Ол жеңіліссіз дүниеден озды» делінген.

Ордендер мен медальдар жыл соңына дейін дайын болады.

Ахмат Қадыров ордені — Шешенстандағы жоғарғы сыйлық, оны 2004 жылы тағайындады. Мәскеудің бұрынғы мэрі ​Юрий Лужков, Росгвардия басшысы Виктор Золотов және Ахмат Қадыровтың ұлы, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров осы орденмен марапатталған. Ахмат Қадыров медалі Шешенстанда 2016 жылдан бастап беріліп жүр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM