Соққыға жығылған полицей. Фото: ТВК
Жүргізуші жол сақшыларының «тоқта» деген белгісіне қарамай, одан әрі газды баса жөнелген. Салдарынан, олар мінген БМВ маркалы көлік аударылып қалды.
Көлік жолаушылары мен жүргізушісі мұнымен қоймай, өздерін тоқтатпақ болған жол полицейлерін жабылып ұра бастаған. Соққының астында қалған тәртіп сақшыларын оқиға орнына жеткен өз әріптестері ғана құтқарып қалды. Екі полицей соққыға жығылып, тағы бір жол сақшысының қызметтік формасы жыртылған.
Бұзақылардың көлігі. Фото: ТВК
Кейін көлік жүргізушісінің көп мөлшерде ішімдік ішкені анықталды. Өкінішке қарай, көліктегі бес адамның екеуі қашып үлгерген. Ұсталғандардың ішінде шымкенттік тұрғыннан бөлек Қырғызстан азаматы да бар.
KAZAKBOL.COM