Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Шымкентте құдалыққа келген бақуатты құдағи аяқ киімін шешпей қойды

KAZAKBOL.COM

Аяқ киім. Көрнекі фото: masterok

Шымкентте құдалыққа келген құдағидің аяқ киімін шешпей кіргені жұрттың таңданысын тудырды. Бұл туралы оқиғаға куә болған тұрғын «Замана» басылымына баяндады.

«Ақерке жиенімізге құда түсіп келеді екен дегенде бүкіл әулетімізбен, тайлы-таяғымызбен қалмай дайындалдық. Себебі құда анау-мынау адам емес, білдей бір мекеменің басшысы, өз кәсібін дөңгелетіп, пәленбай мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған ірі кәсіпкер екен. Ойпырмай, осындай бақуатты адамның ұлының көзіне түскен біздің қыз да осал болмай тұр ғой деп ішімізден Жаратқанға сансыз шүкіршіліктер айттық. Әйтеуір, кім болса да, қыз баласының барған жерінің бақуатты, жақсы болғанын қалайды ғой», — деп әңгімесін бастады тұрғын.

Құданы күтіп алу үшін қыздың отбасы ерекше дайындалған.

«Сонымен, олар қазан айының соңына қарай қызымызға сыр­ға салып, құда түсуге келетін болды. Әпкем мен жездем дастарханда, құдалық күту кезінде кемшілік кетпесін деп алдын-ала ағайын-туысты жинап мәслихат өткізіп, кімнің не істеуі керектігін, үйді қалай безендіру керек, дастарханда не тұру керек, кім не істеуі керек деген сықылды нәрселердің бәрін келісіп-пішіп алды. Тіпті орынсыз әзіл айтып құдаларды өкпелетіп алмас үшін асабаның айтар сөзіне дейін өздері дайындап қойды», — деп есіне алды тұрғын.

Тұрғын құданы президент келгендей күткендерін жасырмады.

«Шынын айтқанда, құдды бір президент келе жатқандай дайындалдық. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, құдалық күтетін күніміз де келіп жетті. Құдалар келіп, көліктен түсіп жатқанда бәріміз құрақ ұшып алдарынан шықтық. Сол күні аспан шайдай ашық, күн жылы болып, бізге қарасып тұрды. Құдаларымызбен бұрыннан танитын адамдай қапсыра құшақтаса амандасып, хал-жағдай сұрасып, үйге кіруін өтіндік. Қызық осы жерде басталды», — деп жалғастырды ол.

Құдалар жағы үйге аяқ киімін шешпей кіруді жөн санаған.

«Ерлерінің ойында ештеңе жоқ, кіре беріс жерде аяқ киімдерін шешіп, көрсеткен жаққа қарай өтіп жатыр. Әйелдер жағы ерлерін алға өткізіп тосылып тұрғанына қарап, ер-азаматтарына ізет көрсетіп тұрғанынан-ақ ибалы жандар екені көрініп тұр деп сырттарынан сүйсініп тұрғанбыз. Сөйтсек, үйге бастап кірген әйел артындағылар­ға қарап «Аяқ киімдеріңді шешпеңдер» деді де, тап-таза үйге аяқ киімімен қаздаңдай басып кіріп кетті. Оған мұнымыз ұят болады, үйге аяқ киіммен кірген қай қазақты көріп едің деген бірі болған жоқ, артынан бәрі ілесе берді», — деп күйінді тұрғын.

«Ал біз әлгілерге аузымыз ашылып, қарап тұрдық та қалдық. Әжетханаға кіретін, көшенің шаң-тозаңын басып келген аяқ киіміңмен үйге кіріп кеткенің қалай деп айтуға тіл жоқ. Дастарханға отырып, танысқаннан кейін білдік қой, әлгі аяқ киім шешпе деп бұйырып жүрген бел құдағиымыз екенін. Бәрін айт та, бірін айт, құдаларды ойдағыдай күтіп, аман-есен шығарып салдық. Өзге құдалықтарда құдаларың не кигізді, не тақты, кәде-күделеріне қанша ақша қойды деген сияқты нәрселерді сөз етсек, бұл құдалықтың басты әңгімесі құдағидың аяқ киім шешпегені болды», — деп ойын түйді ол.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM