Фото: ТВК
Оқиға 28 қараша күні болған. Шамамен сағат кешкі 21.30 шамасында полиция бөліміне көп қабатты үйдің кіреберісінде қанға боялған ер адамның жатқаны жайлы қоңырау Байтұрсынов көшесінен түскен.
Оқиға орнына әл-Фараби полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жеткен.
Оқиға орнынан фото: ТВК арнасы
Ер адамның денесі үшінші қабатта жатқан. Айналасының бәрі қан. Ер адам көптеген пышақ жарақатын алғаннан кейін қаза болғанға ұқсайды. Ол бұл жарақаттарды пәтерінде ме, болмаса көпқабаттың үйдің кіреберісінде алды ма ол жағы белгісіз.
Ресми емес ақпарат бойынша, ер адамның жасы 42-де.
KAZAKBOL.COM