Көрнекі сурет: Қамшы
Шымкенттің уақытша ұстау абақтысында 29 жастағы жігіттің мәйітін күзетшілер камерасынан тауып алған деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті тамыз айында топ болып бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған екен. Ұсталған кезде оның қолында пышақ болған.
«1988 жылы туған күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 293 бабының 3 бөлігі «Атыс қаруын, пышақтарды және өзге де суық қаруды денсаулыққа зиян келтiру үшiн лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған бұзақылық іс-әрекеттер» бойынша іс қозғалған болатын.
Қазір осы оқиғаға байланысты іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.
KAZAKBOL.COM