Шымкентте пәтер жалдап, көңіл көтермек болғандардың әрекеті қисынсыз аяқталды деп хабарлайды ТВК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Айбергенов көшесінде бірнеше сағатқа пәтер жалдаған «көңілді топ» көршілерді ұйқысынан айырды. Көңіл көтеру үшін жеңіл жүрісті 2 қызды ерітіп келген 4 жігіт кейін төбелес шығарған. Ал айғай-шудан жалыққан көршілер тәртіп сақшыларына хабарлапты.
Ішімдікке тойып алған қыздар мен жігіттерді арашалау үшін полицейлер келген. Шамасы, мас еркектер 2 қызды өзара бөлісе алмаған.
Бүгінде аталған алты адамға қатысты полиция тергеу жүргізуде.
KAZAKBOL.COM