Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына Арыс қаласының тұрғыны арызданды. Әйел өз сөзінде, Арыс қаласынан Шымкент қаласына қыдырып келгенін, Арбат демалыс орнында қыдырып жүргенде 2012 жылы туылған інісі аяқасты хабар-ошарсыз кеткенін жеткізеді.
Бұл жайтты Әл-Фараби аудандық полицейлер, бірден тіркеуге алып, қаланы білмейтін жеткіншекті іздеуге кіріседі.
Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шарасының нәтижесінде кәмелетке толмаған бала 2 сағаттың ішінде Шымкент плаза сауда орталығынан табылды.
Інісімен аман-есен қауышқан әпкесі, баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ізгі ықыласын білдіріп, рахметін айтты.
Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға балаларыңызға абай болыңыздар, сыртқа шыққанда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM