Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің тергеу саласының құрылғанына 60 жыл толуына орай, «Шымкент қаласы Полиция департаментінің кубогі» үшін шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу салтанатына Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
– Биыл тергеу органдарының құрылғанына 60 жыл толады. Посткеңестік кеңістікте, оның ішінде Қазақстанда тергеу органдарын құрудың бастапқы нүктесі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 6 сәуірдегі жарлығы болып саналады. 1970 жылдан бастап тергеушілер ішкі істер органдарының штаты мен құрылымына кірді. Тергеуші – бұл заңнаманы терең білуді, табандылықты, зейінді шоғырландыруды талап ететін қылмыстық істер бойынша ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі жетілдіруге талап ететін күнделікті қажырлы жұмыс. Өйткені, қылмыстық істердің материалдарын қолында ұстаған тергеуші адамның тағдырын жиі өз қолында ұстайды, – деді Департамент бастығы Қайрат Сұлтанбайұлы құттықтау сөзінде.
Шағын футболдан жарысқа Тергеу және Өзіндік қауіпсіздік басқармасы, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандық полиция басқармаларының тергеу құрылым қызметкерлері мен тергеу саласынан құрметті демалысқа шыққан ІІО-ның зейнеткерлері арасында сынға түсті. Ойын қарқынды және қызық болды. Нәтижесінде, жалпы командалық есеп бойынша «Зейнеткерлер» командасы 1-орынға ие болса, 2-орынды Тұран аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі иеленіп, 3-орынды Еңбекші аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі иеленді.
Жарыс соңында, Департамент басшылығы тарапынан жеңімпаздарды құттықтап, белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіріліп, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM