Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде жаздың алғашқы күндерінен бастап дәстүрлі түрде жаңа оқу кезеңінің басында барлық санаттағы әскери қызметшілермен өткізілетін тактикалық-саптық сабақтар өтті. Сабақ барысында олар дабыл бойынша дағдыларын бөлім бойынша кезекшінің іс-қимылынан бастап техниканың жауынгерлік машиналар паркінен шығуына дейін, сондай-ақ басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды пысықтады.
Дабыл бойынша көтерілген жеке құрам белгіленген уақытта әскери бөлімге келіп, жауынгерлік есеп бойынша тапсырмаларды орындауға кірісті.
Тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде кезекші бөлімшенің, бөлім бойынша кезекшінің іс-қимылдары, бақылау тобының жұмысын ұйымдастыру, жеке құрамға қару-жарақ пен мүлікті беру, қару-жарақ пен әскери техниканы қысқа мерзімді сақтаудан алу тәртібі және әскери техниканы жауынгерлік машиналар паркінен шығару сияқты іс-қыймылдар орындалды.
— Жауынгерлік дайындық апталығының негізгі мақсаты — бөлімшелердің жауынгерлік дайындық деңгейін бағалау және жеке құрамның дабыл бойынша іс-қимылдарын пысықтау. Осындай іс-шаралар барысында біз бөлімшелерге қойылған міндеттерді белгіленген мерзімде орындаудың нақты мүмкіндіктерін тексере аламыз, — деді механикаландырылған бригада командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов.
Дабыл қағылған кезде бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіруге, әр жауынгердің өз міндеттерін шебер орындауына ерекше назар аударылды.
Айта кетсек, жауынгерлік дайындық бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар аяқталғаннан кейін жеке құрам мамандығы бойынша даярлыққа кіріседі, оған бір жарым мыңға жуық әскери қызметші тартылады.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM