Механикаландырылған бригада аумағында ерекше форматта «ашық есік күні» патриоттық акциясы өтті. Қаланың жалпы білім беру мекемелерінен 150-ге жуық оқушы сарбаздардың тұрмыстық үй-жайлары, ас мәзірі және әскери борышты өтеуге басқа қандай жағдайлар жасалғанын көруге келді.
Бақылау-өткізу пунктінде қонақтарды бөлім командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары подполковник Ренат Калидолдин қарсы алды. Ол балаларға әскери қызмет өткерудің маңыздылығы туралы, Отанды қорғау әр азаматтың парызы екенін айтты.
– Отанды қорғау – ер-азаматтың міндеті, ал әскери қызмет әрқашан өз Отанына деген сүйіспеншілік пен борыштың ең жоғары көрінісі болып саналды, – деп атап өтті подполковник Ренат Калидолдин.
Жігіттер мен қыздар әскери бөлімнің аумағын кіре салысымен әскердегі өмірдің негізі «тәртіп» екенін түсініп, бірден сап түзеп, бөлімнің аумағында тек саппен қозғалды.
Бүгінгі сарбаздардың өмірі, қонақтарды өзінің ыңғайлы ұйымдастырылған механизмімен таң қалдырды. Бір ғана сарбаздар асханасындағы тамақтану рационының өзі көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
— Алты адамға арналған үлкен және кең орындар. Әр үстелде бірнеше салат түрлері бар екен. Ас мәзіріне сәйкес, біріншіге екі түрлі, екінші екі түрлі ет және үш түрлі гарнир ұсынылған. Тәттілер, әр түрлі жемістер мен шырын сусындар да бар екен. Қалағаныңша тамақтана аласын!, — дейді 129 мектебінің 10-сынып оқушысы Сымбат Мырзахан.
Асханадан кейін оқушылар Отан қорғаушылардың демалыс орнымен танысты. Казармада әрқашан мінсіз тәртіп. Оқушылар кереуеттердің біркелкі орнатылғанын, ал сүлгілер болса төсектің бір бетінде жинақы орналасқанынан таң қалды. Олар сарбаздардың күнделікті таңертеңгілік жаттығу жасайтын спорттық формасы бар екенін де бұл күні бірінші білді.
Соңында қонақтар монша-кір жуу кешеніне барып, киімдерді жуу және кейіннен өңдеу процессімен танысты.
Армиядағы өмірді басқаша елестеткен оқушылардың айтуынша, бүгінгі сарбаздың қызмет етуіне жасалған жағдайлармен танысу өте пайдалы болды. Жататын үй-жайлары, тамақтануы мен киім үлгілерімен қамтасыз етілуі, оларда тек жақсы әсерлер қалдырғанымен бөлісті.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі