Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі және криминалдық полиция қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 12-14 тамыз аралығында пәтер ұрлығы бойынша қылмыстарды тез арада анықтап, алдын алу және жолын кесу мақсатында «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткiзілді.
Аталған іс-шара барысында пәтер ұрлығы қылмыстарын жасағаны үшін 3 қылмыстық топ құрықталып, жалпы 30 тұлға ұсталды. Қала аумағында 13 пәтер ұрлығы тіркеліп, оның барлығы тәулік ішінде ашылды. Сонымен қатар, бұрын орын алған пәтер ұрлығына қатысты 47 қылмыстық іс ашылды, оның 1 дерегі өткен жылдардағы қылмыс болып табылады. Полиция қызметкерлері қала көлеміндегі барлық базарларды, алтын алып-сататын 17 орын, 20 ломбард және 30 темір қабылдайтын орындарды тексерді.
Осы орайда, тәртіп сақшылары пәтер ұрлығы орын алмас үшін, қауіпсіздіктіӊ еӊ қарапайым түрлерін ұстануды, атап айтқанда: пәтердіӊ жүйелік қорғанысын күшейту (дабыл қондырғылары және бейнекамералармен жабдықтау, темір есік пен терезеге темір тор орнату), үйдіӊ есігін ешқашан ашық тастамау, үйден шығарда балконныӊ есігін және терезелерді мұқият жауып кету, түрлі мекемелердің қызметкерлеріміз деп келген белгісіз адамдарды қызметтік куәліктерін тексермей үйге кіргізбеу, балаларға бөтен адамдарға есік ашпау туралы ескерту, ұзақ мерзім үйде болмайтын жағдайда көршіге үйге қарайлай жүруін өтіну, әлеуметтік желілерде алдағы демалыс туралы жоспар мен фотосуреттермен бөліспеу, есік құлпында және кілт салғыш ұяшықта сіріӊкеніӊ шиі немесе басқа да күдікті заттар байқаған жағдайда бірден полицияға хабар беру керектігін ескертеді.
Шымкент қаласы Полиция департаменті
KAZAKBOL.COM