Қазақстан мен Қытай арасындағы жоспарланып жатқан визасыз режим Шыңжаңдағы этникалық қазақтарға қуғындаудан қашуға кепілдік бола алмайды.
Осылай деп 17 сәуірде сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Азаттық тілшісі этникалық қазақтар Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін, біразы Қытайға барған кезде, ескі істері бойынша қамауға алынғанын, енді визасыз режим орнатылғаннан кейін, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіле ме деп сұрақ қойған.
«Бұл логика жағынан да дұрыс емес. Тіптен ол Қазақстан азаматы болса да. Ол Қытайға барып, «Мен Қазақстан азаматымын, маған тиіспеңдер» деп айтпайды ғой. Егер ол бірнәрсе бүлдірсе, оған жауап беруі тиіс»,- деді Айбек Смадияров.
Өткен аптада Қазақстан мен Қытайдың визасыз режим орнатқалы жатқаны белгілі болған. Тиісті келісімге сәйкес, екі елдің азаматтары бір-бірінің елінде 30 күн визасыз жүре алады.
KAZAKBOL.COM