Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

СІМ Ресей депутатының Қазақстанды «денацификациялау» туралы мәлімдемесіне пікірін айтты

KAZAKBOL.COM

Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәскеу қалалық дума депутатының «Қазақстанды да денацификациялау» жайлы мәлімдемесіне пікірін айтты.

«Депутаттың мәлімдемесіне байланысты Қазақстан Ресейге ресми түрде нота жібере ме?» деген сұраққа Тілеуберді министрлік тек «федералдық деңгейдегі мәлімдемелерге» ғана реакция білдіреді деді.

— Айтылған әрбір мәлімдемелерді жеке-жеке қарастыру керек және сол деңгейде жауап беру керек. Мысалы, бұған дейін Зюгановтың айтқандарына (Ресей мемлекеттік думасының депутаты — ред.) біздің депутаттар өз бағасын берді. Ал мына мәлімдеме Мәскеу қалалық кеңесінің депутатынікі. Ол — федералдық деңгей емес, – деді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Оның айтуынша, Қазақстан сыртқы істер министрлігі «федералдық деңгейде айтылған мәлімдемелерге бұған дейін жауап берген».

Бірнеше күн бұрын Мәскеу қалалық думасының депутаты Сергей Савостьянов Украина үлгісі бойынша Қазақстанды да «денацификациялау» және «демилитаризациялауға» шақырған.

«Украинаны демилитаризациялау мен денацификациялау Украина, Ресей және тұтас Еуропаның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Процесс толымды болу үшін денацификация мен демилитаризациялау аймағына Украинадан бөлек, Балтық елдері, Польша, Молдова мен Қазақстанды да қосу жөн болады деп ойлаймын» деп жазылған Савостьянов қол қойған құжатта. Оның жазбаша ұсынысынан ҚазТАГ агенттігі үзінді келтіреді.

Ресей әскері 24 ақпанда Украинаға басып кірген. Путин Украинаны «денацификация» және «демилитаризациялау» мақсатында көрші елге «арнайы операция» бастағанын мәлімдеген. БҰҰ-ға мүше елдердің басым бөлігі оқиғаны Ресей басқыншылығы деп атап, Мәскеуден әскерін Украинадан алып кетуді талап еткен.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM