Қазір күйік шалған 9-сынып оқушысы ауруханада емделіп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют қаласында селфи жасау үшін электр бағанасына шыққан 9-сынып оқушысын құтқарушылар мен полицейлер дер кезінде түсіріп алды, деп хабарлайдыsputniknews.kz, СҚО ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
«Мамлют ауданының ІІБ кезекші бөліміне жасөспірімнің бағанада асылып тұрғаны жайлы хабарлама келіп түскен. Электр мамандары тез арада кернеуді ажыратып, құтқарушылар мен полицейлер мектеп оқушысы бағанадан түсіріп алады. Бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Қуанышқа қарай, бұл жағдай жасөспірім үшін күйік жарақатын алумен ғана аяқталды», — дейді Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Серік Әлжанов.
«Жасөпірімдердің экстремалды селфимен әуестенуі үрей туғызады. Балалар биік ғимараттарда, судың жағасында және басқа да жерлерде түсірілген айрықша суретті көреді, бір қарағанда қауіп төндіретін жерлер емес сияқты. Бірақ олар бастапқыда қатарласып жүретін желдің екпінін, электр кернеуін, топырақтың опырылуын және тағы да осы кесілді жағдайларды ескермейді. Ересектер балаларға селфимен әуестенудің қауіптілігін түсіндіруі қажет», — деп атап өтті полицейлер.