Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Сот Ермек Нарымбайға кесілген жазаны жеңілдетіп, бостандыққа шығару жөнінде шешім қабылдаған

KAZAKBOL.COM

Бүгін Қонаев қалалық соты жазасын жеңілдету туралы қамаудағы Ермек Нарымбайдың өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы Азатыққа адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады.

— Мерзімінен бұрын босап, 11 айға жуық пробациялық бақылауда болатын болды. Біз айыппұл төлеп шығаруды сұрадық. Бірақ прокурор пробациялық бақылау қажет екенін айтты. Судья прокурормен келісіп, қатаң шектеумен шығаруға келісті. Баспасөз маслихаты, митинг пен шеру сияқты қоғамдық істерге қатысуға тыйым салды, — деді адвокат Жанар Балғабаева.

Адвокаттың сөзінше, прокуратура қарсылық білдірмесе, 15 тәуліктен кейін Ермек Нарымбаев түрмеден шығуға тиіс.

Құқық қорғаушылар жасаған «саяси тұтқындар» тізіміне енген 52 жастағы Ермек Нарымбай саяси белсенділігі үшін бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылған.

2015 жылы қазанда «алауыздық тудырды» деген айыппен үш жылға сотталған. Кейін апелляция соты үкімді жеңілдетіп, үш жыл шартты жазаға ауыстырған.

Осыдан кейін Ермек Нарымбай өзіне биліктен қатер төнгенін айтып, Украинаға кеткен. 2022 жылы ақпан айының басында Қазақстанға оралғанда полиция оны Алматы әуежайынан ұстап әкетіп, қамауға алған. Адвокаттың айтуынша, 2,5 жыл түрмеге кесілген Нарымбай жазасының үштен бірін өтеген.

Таяуда белсенді 54 күн аштық ұстап, кезектен тыс президент сайлау қарсаңында сайлау учаскелеріндегі хаттамаларды онлайн жариялауды талап еткен. Орталық сайлау комиссиясы оның талабы «бір күнде орындалатын шаруа емес» деген.

Ермек Нарымбай бұған дейін де бірнеше рет аштық акциясын жариялаған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM