Site icon KAZAKBOL

Спорт шебері өлтірілгеннен кейін, Ташкенттің түнгі клубтарына рейд жүргізілді

Сотрудники ташкентской милиции, одетые в камуфляж, избивают сотрудников ночного клуба «Летний сад». Скриншот записи камеры видеонаблюдения.

Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы «Аурум 898» клубында еркін күрес бойынша спорт шебері, 25 жастағы Жамшид Кенжаев өлтірілгеннен кейін, астананың барлық түнгі клубтарына рейд жүргізілді.

Ташкенттің «Жазғы бақша» және «Вачач» түнгі клубтарындағы видеокамераларда полиция өкілдерінің адамдарды жерге жатқызып, резеңке таяқпен ұрып, аяқтарымен тепкілеп, ғимарат жиһаздарын сындырып жатқан әрекеттері жазылып қалған. Видеотаспалардағы бұл көріністер әлеуметтік желіде тарап кетті.

«Жазғы бақша» клубының менеджері Озодлик радиосына берген сұқбатында рейд барысында құқық қорғау органдарының қызметкері клуб күзетшісін, официантты және диджейін сабағанын айтты.

Аталған клубтың диджейі «Шоха» полиция өкілдерінің соққысынан кейін, тұра алмай қалғанын айтады.

Тағы бір «Вачач» клубының өкілдері де рейд кезінде азапталған.

Ташкент ІІБ әлеуметтік желіде тарап кеткен видео жайында әлі түсініктеме бермеді.

9 тамызда Ташкенттегі «Аурум 898» түнгі клубының күзетшілері 25 жастағы спорт шебері, еркін күрес бойынша Өзбекстан чемпионы Жамшид Кенжаевты өлтірген. Бұл іске қатысты аталған клубтың үш күзетшісі ұсталған.

centralasian.org

Exit mobile version