Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түнгі клубта өзбектің танымал чемпионын айуандықпен өлтіріп кетті

KAZAKBOL.COM

Ережесіз жекпе-жек бойынша Өзбекстан чемпионы атанған спортшы түңгі клубқа пышақ алып кірмек болып қайғылы жағдайға тап болды. Күзетшілермен ұстасып қалған Джамшид Кенжаев аса ауыр жарақаттар салдарынан көз жұмды деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға 8 тамыздың 9-на қараған түні Ташкент қаласының Юнусабад ауданындағы «Аурум 898» клубында орын алды. Көңіл көтеретін мейрамханаға пышақпен кірмек болған спортшы күзетшілермен келіспей қалған. Өзара келіспеушілік қанды төбелеске жалғасып, спортшы аса ауыр пышақ жарақаттар салдарынан қайтыс болған.

Дшамшид Кенжаевты бірден ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Күзетшілер де емханаға жеткізілді. Алайда, олардың өміріне мүлде қауіп төніп тұрған жоқ

Джамшид Кенжаев әскери күреспен айналысқан спортшы болды. Ол Азия ойындарына қатысқан.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталып кетті

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM