Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда кәсіпкер наразылық акциясына жалаңаш шықты

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанда Әндіжан облысы Асака қаласының тұрғыны 12 наурызда тыр жалаңаш күйі асфальтқа жатып алды. Paynet төлем қабылдау терминалының қожайыны қала билігінің аппаратты алып тастау талабына наразылығын осылай білдірген.

Жергілікті кәсіпкер жалғыз ғана күнкөріс көзінен айрылып қалғысы келмеген. «Сол күні Асака басшысы Хурсанд қажы кәсіпкерге терминалды алып тастайтынын айтқан. Бұл жігіттің дені сау. Ол осы әрекет арқылы билікке кәсіпкерді жалаңаш қалдыратынын білдіргісі келген», — деді оқиға куәгері.

Қала әкімдігіндегі бір шенеуніктің айтуынша, төлем қабылдау терминалының қожайынына басқа бір кәсіпкерден шағым түскен.

«Сол көшедегі кәсіпкердің бірі қала басшысына шағынданған. Өйткені төлем қабылдау аппараты оның дүкеніне кіретін жерді жауып тұр», — деді шенеунік.

Дереккөз мәліметі бойынша, қала билігі төлем қабылдау терминалына тиіспейтін болды. «Билік үркіп қалды, өйткені мұндай жалаңаштану акциясы Өзбекстанда бірінші рет болып отыр. Жергілікті билік бұл мәліметтің президентке жетуінен қорқады, сонда көптеген адам қызметінен айрылуы мүмкін», — деді жергілікті шенеуніктің бірі.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM