Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путин билікті сыйламау мен «фейк» үшін жаза қолдану туралы заңға қол қойды

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті Владимир Путин БАҚ-та «фейк» жаңалықтар үшін айыппұл салу мен бұғаттау, сонымен бірге билік пен мемлекеттік белгілерді интернетте қорлағаны үшін айыппұл салу мен ұстау туралы заңға қол қойды.

Алғашқы құжат интернетте қоғамға маңызы бар жалған ақпаратты шынайы мәлімет ретінде таратуға тыйым салады. Заңды бұзған азаматқа 100 мың рубльге дейін, қызметтегі тұлғаға 200 мыңға дейін, ал заңды тұлғаға жарты миллионға дейін айыппұл салынады. Заңды қайта бұзған заңды тұлғаның айыппұлы бір жарым млн рубльге дейін жетуі мүмкін.

Мемлекеттік белгілер мен билікке тіл тигізгені үшін азаматтар 100 мың рубльге дейін айыппұл төлеп немесе 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Заңды қайта бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі 200 мың рубльге дейін өседі.

Заң жобасын Мемлекеттік думаға Заңнама жөніндегі федерация кеңесі комитетінің басшысы Андрей Клишас пен депутаттар Людмила Бокова және Дмитрий Вяткин ұсынды. Құжатты парламент 7 наурызда қабылдады. Кейін оны Федерация кеңесі мақұлдады.

Адам құқықтары жөніндегі президенттің кеңесі мен басқа да адам құқықтарын қорғау ұйымдары заң жобаларына қарсы шыққан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM