Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан тергеу бөлмелеріне бақылау камераларын орнатады (видео)

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан ішкі істер министрлігі милицияны реформалау барысында барлық тергеу бөлмелеріне бақылау камераларын орнатуды жоспарлаған. Адам құқығын қорғаушылар тергеу барысында күшпен куәлік алуға қатысты шағымдар көп екенін хабарлап отыр.

Нурулло Ашуров бір ай бұрын құқыққорғаушыларға оның ұлы Әлижон Ашуровты милиция қызметкерлері қинағаны туралы шағым түсірген. Жас жігітті өткен жылы желтоқсан айында экстремизм айыбымен ұстаған. Нурулло бір айдан астам уақыт баласымен кездесе алмай жүрген, адвокат та күдіктімен сөйлесе алмаған. Ақпан айының басында ғана оған баласымен кездесуге рұқсат берді. Жүздесуде Әлижон тергеушілер күш қолдану арқылы қылмысты мойындатқысы келетінін айтқан.

Тәжікстанда заңгерлер тергелушілерге күш қолданатынын дәлелелдей алмай келеді. Тергеуге адвокаттарды жібермейді, олар күдіктімен апта бойы кездесе алмай жүреді. Азаптау белгілері кеткен уақытта ғана күдіктіні көрсетеді. Кісіні түрмеге отырғызу үшін оның тағылған айыптарды мойындағаны жеткілікті. Сол себепті милиция күдіктілерді азаптайды дейді адам құқықтарын қорғаушылар.

Ішкі істер министрлігі тергеушілер кейде қызмет бабын асыра пайдаланады дегенді жоққа шығармайды. Мұндай айыптаулар тағылмас үшін министрлік милицияның тергеу бөлмелерінің барлығына бақылау камералаын орнатуды жоспарлаған. Министрлік бұған қажетті қаржыны халықаралық донорлардан алуды көздеп отыр.

«Милицияның бір бөліміне бақылау камерасын орнату үшін 8500 доллар керек. Балық бөлімге видеокамера орнату үшін шамамен 730 мың доллар қажет», – деді ІІМ Қылмыстық іздестіру басқармасының басшысы Әлішер Махмадализода.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM