Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Стамбулда Украина-Ресей келіссөзінің кезекті раунды басталды

KAZAKBOL.COM

Стамбулдағы «Долмабахче» сарайында Украина мен Ресей арасында келіссөздің жаңа раундты басталды. Бұл туралы Түркияның «Анадолы» агенттігі хабарлады. Екі елдің делегациясы Стамбулға кеше, 28 наурызда келген.

Келіссөз алдында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сөз сөйлеп, «Әділетті бейбітшілік — екі тарап үшін де жеңіс, қақтығысты жалғастыру екі тарапқа да пайда әкелмейді. Халықаралық қауымдастық Стамбулдағы кездесуден жақсы шешім күтеді» деді.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ердоған келіссөз алдында ресейлік олигарх Роман Абрамовичпен сөйлескен. Бұған дейін кейбір дереккөздер Абрамовичтің келіссөзге қатысатынын айтқан еді.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның сөзінше, Киевтің мақсаты кемі «гуманитарлық мәселені шешу», максимум — атысты тоқтатуға келісу.

Британдық Financial Times басылымының жазуынша, егер Украина өзін бейтарап ел деп жариялайтын болса, онда Кремль Украинаға денацификация жайлы талап қоюдан бас тартуға және Украинаның Еуропа Одағы құрамына енуіне келісім беруге әзір.

Екі тарап наурыздың басында Беларусьте келіссөз өткізген, кейін бұл процесс видеобайланыс арқылы жалғасқан еді. Стамбулдағы келіссөз екі күн өтеді және журналистер қатыспайды.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM