Украинаның болашағы НАТО-да, бірақ барлық мүше елдер келісім беріп, барлық шарттар атқарылғанда ғана Киевті өз қатарымызға шақырамыз.
Мұндай пікірін Солтүстік Атлантика альянсының бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО-ның саммиті өтіп жатқан Вильнюс қаласындағы баспасөз мәслихатында айтты.
Столтенберг Украина мүшелікке жақындағанын атап өтіп, мұны ұйымдағы өлкелер Ресей басып кіргеннен бері Киевке қолдау көрсетіп жатқанымен түсіндірді. Ол ең бастысы бұл соғыста Украинаның жеңіп шығуын қамтамасыз ету керек екенін, онсыз мүшелік мәселесі талқыланбайтынын айтты.
Сейсенбіде Литваға бара жатқанда Украина президенті Владимир Зеленский егер ұйым мүшелері Киевтің НАТО-ға қабылдануы жайында нақты кесте құрмаса, онда бұл «абсурд» болады деген. Саммит аясында ол АҚШ президентімен кездеседі.
KAZAKBOL.COM