Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Студент қыздар хиджаб тағып, дінге бет бұруына не әсер еткенін баяндады

KAZAKBOL.COM

Көрнекі сурет Керек инфо порталынан алынды

Кеше ғана мектеп бітіріп, бүгінде белгілі оқу орындарының студенті атанған ақтөбелік бойжеткендер дін жолына бет бұрып, хиджаб киюіне не себеп болғанын Керек инфо порталына айтып берді.

19 жастағы Салтанат дін жолына достары мен туыстары арқылы келгенін айтады. Бойжеткеннің орамал тағуына алғашында ата-анасы қарсы болыпты.

«Дінге келуіме алғаш нағашыларым, достарым себепкер болды. Ең алғаш 9-сыныпты бітірген соң намаз оқығым келді. Ол кезде ата-анам, туған туыстарым қарсы болды. Кейіннен 11 сынып бітірген соң, басқа қалаға оқуға түсуге шешім қабылдадым. Сол кезде анамнан рұқсат сұрадым. Анам басқа қалаға оқуға түсетін болғасын, намаз, дін – қыз балаға өзін ұстауға, жат көзден сақтануға кепіл болады ғой деп рұқсатын берді. Бірақ «орамал тақпайсың» деп шарт қойды. Отбасылық себептерге байланысты оқуды Ақтөбе қаласында жалғастыратын болдым. Уақыт өте келе орамал таға бастадым. Бастапқыда ата-анам қарсылық танытты. Діни жолды таңдағаннан кейін мені құптады», — дейді бойжеткен

21 жастағы Айнұр дін жолына мектеп жасынан қызыққанын айтады.

«Діни сауатты ең алғаш рет әжемнен алдым. Кейін сыныптас қыздардан естіп жүрдім. Сыныпта дін туралы әңгіме айтатынбыз. Содан қызығушылық танытып, өзім іздене бастадым. Ішкі жан дүнием құлшылықты қалады. Мен өзімнің мойнымда Алла алдындағы парыздарымның бар екенін түсіндім. Мектеп оқушысы болғанымда ата-анам қарсылық білдірді. Ал 3-курс студенті болғанымда намаз оқуыма қарсы болмады», — дейді ол.

20 жастағы Меруерт 15 жасынан бастап намазға жығылғысы келіпті. Бірақ анасы қарсы болған көрінеді.

«Намаз оқуды алғаш 15 жасымда бастағым келді. Бірақ 20 жасқа келгенше намаз оқығым келетінін анама іс-қимылыммен білдіріп жүрдім. Міне, 20 жасқа келгелі анам таңдауды өз еркіме берді. Хиджаб киюіме аздап сөйлегені болмаса, қарсы болмады», — дейді студент қыз.

22 жастағы Маралдың діни жолға түсуіне бірге оқыған сыныптас құрбысы себеп болған.

«Дінге келуіме үлкен себеп болған, 11 жыл бойына бірге оқыған сыныптас құрбым болатын. Екеуміз үнемі бірге жүріп, бір-бірімізден сыр жасырмайтын болдық. Оның әкесі молда болғандықтан ол менен бұрын намазға жығылып, дін туралы маған түсіндіріп жүрді. Содан менің де қызығушылығым оянып, ойымда жүрген сұрақтарға жауап табу үшін діни уағыздар тыңдай бастадым.

Басында менің өмірге деген көзқарасымның жанымдағыларға қарағанда өзгеше екенін байқаған анам бірден қарсы болды. Мен айтпай-ақ, барлығын сезіп жүрді. Сонда да өз ойымнан ауытқымай дінге деген қызығушылығым артып, тура жолдың тізгінін іздеумен болдым. Алланың қалауымен дінге бет бұрып, оған бастар жолда қиындықтарына қарамастан, сабырлықпен қол жеткіздім», — дейді Марал.

21 жастағы Айдана діни сауатын тек қалаға келген соң ғана ашқан.

«Отбасымда кішкентай кезімнен жұма сайын жеті шелпек пісіру, Құран бағыштауды көріп өстім. Намаз оқу, дінге бет бұру туралы қалаға келіп, студент атанған соң ғана біле бастадым. Қалаға келген соң намаз оқуды бастаған достарым көп. Мен діни сауатымды ашу үшін мешітке барғым келді. «Үйге көз, суреттерді ілуге болмайды екен» деген достарымнан естіген пікірлеріме ата-анам үрке қарайды. Мешітке баруыма қарсылық білдірді. Бірақ діни сауатымды ашқым келеді. Ата-анамның да, өз тарапымнан да қорқыныш басым. Барлық ата-аналар қорықпай, еркін білім алуға жібере алатын орта – мектеп қой. Сондықтан, мектепте «Дінтану» курс ретінде ғана емес, негізгі пән ретінде жүріп, қоғамдағы болып жатқан оқиғалармен байланыстырыла отырып өткізілсе, ертерек санамызда діни сауаттылық пайда болар еді деген ұсыныс айтқым келеді», — дейді студент қыз.

Жастайынан хиджап киіп, орамал таққан бойжеткендер қоғамда қателік жасап жүргендердің дені – сауатсыздықтан деп есептейді.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM