Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

СӘБИЛЕР ЕҢБЕКТЕП ЖАРЫСТЫ

KAZAKBOL.COM

Екіге толмаған сәбилердің еңбектеп жарысқанын көріп пе едіңіз? Өз жөргегі үшін жарысқа түскен балалардың бәсекесі Елордада болып өтті. Бәйгенің басты жүлдесі — бір жылдық жөргектер қоры. Әу баста тек 200-дей бала қатысады деген жарыста, 400-ге жуық балақай бағын сынады. Тың бастаманың мақсаты не? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бүгін Елордада бұдан алдын болмаған жарыс болып жатыр. Біз ат, көлік жарыстарын көрдік. Ал, ендігі кезек балаларға келді. Олар бүгін еңбектеп жарысып жатыр. Бақылаңыздар!.

Астаналықтар үшін еңбектеген сәбилердің жарысуы таңсық болғанымен, шараға келгендер қарасы көп. Ұйымдастырушылар сайысқа басында тек 200 адам келеді деп топшылапты. Ал, шараға жарты сағат қалғанда жалпы саны — 376 ата-ана тіркелді.

ГҮЛНАР ҚҰНАНБАЕВА, ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
«Жас ұрпақтарға осындай демалыс ұйымдастырдық. Біздің жөргектермен жүретін балаларға. Сәби кезінен спортқа үйрене берсін. Олардың арасында чемпион жүрген шығар. Біздің Қазақстанның, не әлемнің».

Балалар еңбектеп жарысу үшін осындай алаң бөлінген. Шамамен 10-21 жолақ. 10-11 метрлік қашықтықта балалар өзара жарысады. Бірінші, екінші, үшінші орын алғандарға ұйымдастырушылар бір жылдық, алты және үш айлық жөргек қорын сыйлайды.

Жарысқа 6 айдан 18 айға дейінгі сәбилер қатысты. Бала жолақта өзге жаққа еңбектеп кетпесі үшін жолға әкесі мен ананың біреуі шығуы тиіс. Ата-аналар баласына дұрыс бағыт-бағдар беру үшін ұялы телефон мен ойыншықтарды пайдаланды. Нәресте қалауын дөп тапқандар жеңіп жатты.

«Баланы үйде дайындадық. Үйдегі дайындықпен осындай жеңіске жеттік».
«Это муж придумал. Он в спортивном магазине купил. Он любит зачем то бегать».
«Біз сендік. Өте активный бала. Үйде де солай. Естігеннен бері қатысамыз дедік».

Көрермендер де қатысушыларды қызу қолдады. Жарыс бәрінің көңілінне шығып, оны жиі өткізіп тұру кек деген ой айтылды.

«Менің жеке ойымша, осындай балаларға ойын ұйымдастырған өте дұрыс деп ойлаймын. Оның үстіне қазір денсаулық өте маңызды. Жас балаларға, әсіресе. Сол үшін қолаймын».
«Менің немерем әлі шыққан жоқ. Қазір шығайын деп отыр. Соған енді кішкене қоблжып тұрмыз. Қатты уайымдап тұрмын. Бірінші орын алады деген ойдамын».

Жарыс бұған дейін Алматы мен Шымкентте және Қарағандыда өткізіліпті. Алдағы уақытта Павлодарда болмақ.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM