Түркіменстан қарулы күштері түркімен-ауған шекарасын бекітіп, армияны күшейтіп жатыр.
Азаттықтың Түркіменстандағы тілшісінің хабарлауынша, шекара аймағына әскери техникалар жеткізіліп жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, құқық қорғау органдары қызметкерлері ондағы туыстарын басқа аймаққа көшіріп жатыр.
Бұл жағдайды бақылап отырған Мары тұрғындары қауіпсіздігіне алаңдайды.
Тілшінің хабарлауынша, шекара аймағына әскери техникалардан басқа жауынгерлердің шұғыл қызмет жасағы жөнелтіліп жатыр.
Ауғанстанмен шекаралас Мары қаласының төбесінен соңғы бірнеше күннен бері тікұшақ ұшып жүр.
Шілде айының басында Түркіменстан үкіметі «Талибан» қозғалысын келіссөз жүргізу үшін Ашғабатқа шақырған.
Мамыр айынан бастап Ауғанстан жерінен АҚШ бастаған халықаралық коалиция әскері шығарылып жатыр. Осыдан кейін «Талибан» қозғалысы Ауғанстанға ықпалын күшейтуде.
KAZAKBOL.COM