Стамбул қаласының Истикляль көшесінде теракт жасаған болуы мүмкін деген күдікпен бір адам ұсталған. Бұл жөнінде Түркия ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу хабарлады.
Қазірге дейінгі мәліметтер «терактінің артында Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясы тұрғанын» көрсетеді деді министр. Анкара Күрдістан жұмысшы партиясын террор ұйым деп санайды.
13 қарашадада Стамбулдағы жарылыс салдарынан кемі алты адам өлген. 81 адам зардап шеккен, екі адам ауыр халде ауруханада жатыр.
Жарылыс кезінде көшеде адам көп болған. Жарылыс болған сәт видеокамераға түсіп қалған.
UPD: Четыре человека погибли и 38 получили ранения в результате взрыва в центре Стамбула, сообщил в Twitter губернатор Али Ерликая.#Istanbul #Turkey #Стамбул #Турция pic.twitter.com/F9od1E9DDA
— Brave_Guard (@BraveGuardian10) November 13, 2022
Түркия вице-президенті Фуат Октай терактіні әйел адам жасаған болуы мүмкін деп хабарлаған.
Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ. 2015-2016 жылдары Түркияның ірі қаласында «Ислам мемлекеті» террор ұйымы бірнеше рет жарылыс жасаған.
Қазақстан СІМ жексенбі түнде Қазақстанның Стамбулдағы бас консулдығы жараланғандар немесе қаза болғандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатқанын мәлімдеді.
KAZAKBOL.COM