Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Тәжікстан: прокуратура алты жылға сотталған діни қызметкерге қатысты пікір білдірді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Хатлон облыстық прокуратурасы өткен аптада алты жылға бас бостандығынан айырылған 51 жастағы діни қызметкер Абдулханнон Усмоновқа шығарылған сот үкімі бойынша пікір білдірді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, оған қарсы іс қозғалуына тыйым салынған «Салафия» қозғалысына мүше болуы және қызының білім алуына кедергі болғаны себеп болған.

«Усмонов намазды салафиттерше оқып, әлеуметтік желілерде экстремистік мазмұндағы видеоларды шығарып жүрді. Бұдан бөлек ол 2014 жылы 1 сыныпқа баруы керек болған қызының оқуына рұқсат бермей, Конституцияның 41-бабын бұзған», — деген прокуратура таратқан мәлімдемеде.

Хатлон облыстық соты Абдулханнон Усмоновты «Экстремистік әрекетке ашық шақыру» және «Міндетті білім алуға тосқауыл болу» баптары бойынша кінәлі деп танып, алты жылға еркінен ажыратқан.

Усмоновтың адвокаты дін қызметкері елде тыйым салынған «Тәжікстанның ұлттық альянсы» қозғалысының видеоларын көргені және таратқаны үшін сотталғанын жеткізді.

Усмонов биыл қаңтарда ұсталған. Оған дейін ол жиенінің үйлену тойында ән айтып, билеп жатқан қонақтарды тоқтатуға әрекет етіп, олардың атына дөрекі сөздер айтқаны түсірілген видео тараған.

27 қаңтарда Тәжікстанның ІІМ Абдулханнон Усмоновтың кешірім сұраған видеосын таратқан.

Хатлон облысы прокурорының көмекшісі Варка Зайниддиннің айтуынша, Усмонов «музыка мен биді харам деп есептеп», әншінің микрофонын тартып алып, тойға жиналған қонақтарды таратуға әрекет еткен.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM